Жарияланды: 530

Елбасы Руанда Президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Елбасы Руанда Президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты  дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

«Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы П.Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды.

«Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз», - деді Қазақстан Президенті.

Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. 

null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін