Жарияланды: 750

Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері  Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан, №102

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін