Жарияланды: 910

Елбасы жаһандық дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытын айқындап берді

Елбасы жаһандық дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытын айқындап берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытын айқындап берді.

Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар және даму» атты Жолдауын жария еткеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов білдірді.

«Биылғы Жолдаудың ерекшелігі жаһандық дағдарысты жағдайларға  байланысты Елбасы аталған қиындықтардан шығудың нақты 5 бағытын айқындап беруінде болды. Ал біздер, білім саласының мамандары үшін ең маңыздысы адам капиталына инвестиция салу, адам капиталын дамыту екендігі сөзсіз. Біз адам капиталын дамыту арқылы Қазақстанның болашағын жарқын қыламыз», - деді университет ректоры.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында әлеуметтік саладағы жаңа саясат әзірлеу ісіне де баса назар аударды. Ал, әлеуметтік саладағы жаңа саясаттың негізі адам капиталын дамыту екендігі сөзсіз.

«Елбасы өз сөзінде білім беру саласына ешқандай қаржылық қысқарту болмайтындығын, қолдау көрсетіле беретіндігін айтты. Бұл білім саласында қызмет атқаратын барлық қызметкерлер, мұғалімдер, оқытушылар үшін қуанарлық жағдай. Әрине, бұл Елбасының көрегендігі, стратегиялық бағыттағы жұмыстарды шешудегі ең үздік ұсынысының бірі деп санаймын. Өйткені, адам капиталын дамыту арқылы барлық дағдарысты шеше аламыз», - деді ол. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін