Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады, бірнеше облыста өрт қаупі бар - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады, бірнеше облыста өрт қаупі бар - Қазгидромет

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады, бірнеше облыста өрт қаупі бар - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 1-і күнгі ауа райы олжамын жариялады.

  • 1 Қыркүйек 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігіне, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Жауын оңтүстік-шығыстағы таулардада (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жел тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Батыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.