Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды.

  • 26 Маусым 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Ұлыбритания ашық чемпионаты (Уимблдон) қарсаңында өтетін жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған қытайлық Сю Ванмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайысында ұлыбританиялық Хитер Уотсонға жол берді.

Жүлде қоры 780 637 АҚШ долларына бағаланған Истбурн додасы 26 маусым – 1 шілде аралығында өтеді.

Өткен жылы бұл жарыста Е.Рыбакина екінші, Ю.Путинцева үшінші айналымнан аса алмаған еді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің алғаш рет ірі жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.