Блогер осы арқылы ер адамдарды әйелдерін бағалауға шақырған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бұл жаңалығымен блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
Отбасымызға Үлкен бақыт алып келген камочек счастье Раббысынын жанында.
Бұл отбасымызда болған үлкен жоғалтумен бөлісіп жатқан себебін тек видеоның соңында ғана сезесіз !
Бұл видео бүгін 1 отбасының қарым қатынасының өзгеруіне себепкер болса біз үшін үлкен бақыт! Ойлаңызшы бүгін бір ер адам әйеліне сұрақ қоюы мүмкін : (-жаным саған қиын болып жүрме? Қандай ауыртпалықты сезесін!?Мен сенің жаныңдамын бөлісші?) деп ….
Немесе бір әйел адам өзінің Нәзік әйел екенін сезініп. көркем түрде Нәзіктікпен іштегі шыдап көтеріп жүрген жүгін жіберер , ер адамына бөлісер! Алладан сұраймын дұға етіп.
Бұл басымыздан өткен жағдай өмірімізге үлкен қабылдауды алып келді!
1. Біз отбасымыз, командамыз Бірге ғана өте аламыз..
2. Бәрі Алла қалауымен болады, хайырлысын береді Аллахым ! Алланы тану кез келген сынақты жеңілдетеді.
3. Алла разылығы үшін Жан жарымды жақсы көру , отбасымды, Әлемді жақсы көру ! Бұл азғантай өмірде Ешкімді кінәләмай өмір сүру….
Көпшілік Камила Әділханға қолдау көрсеткен. Десе де олардың арасында блогердің бұл әрекетін сынағандар да бар.
«Қаншама әйел бір емес бірнеше баласынан айырылған, сонда жаһанға жар салмай, мықты болып, күрескен, бәрінен сүйінші сұрап айтып отырғаны несі?», «Қызық қазіргі әйелдер, үйіндегінің бәрін айтатын болған» деп жазды олар.