Жарияланды: 210

Елімізде 99 Нұрсұлтан Назарбаев тұратын болып шықты

Соңғы 24 жылдың ішінде дүниеге келген Елбасы аттастарының ең көбі, яғни 20 -сы Алматы облысында. Одан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан облысы. Онда – 19 Нұрсұлтан Назарбаев бар. 

Tengrinews.kz интернет басылымының санағына сүйенсек, елбасының 17 аттасы тұратын Маңғыстау облысы – 3-ші орында. Солардың бірі – Қызылтөбе ауылында тұрады. Ата-анасы баласының сабырлы, өжет мінезіне қарап әскери адам болады деп болжап отыр. Ал Атамекен ауылындадағы 11 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев болса, болашақта Президент болсам деп армандайды. Ол үшін жақсы оқу керек деген балақай бүгін демалыс екеніне қарамастан, үй тапсырмаларын қайта-қайта қайталап жүр. Ал оның жақындары «Тұңғыш Президент күнін» ерекше атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевты 106 жастағы әжесінің қасына төрге отырғызып, сый-құрмет көрсетеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Маңғыстау облысының тұрғыны:

-Маған сабаққа келе жатқанда Нұрсұлтан Назарбаев келді деп айтады. Балалар да, адамдар да келіп жатса, біздің сыныпта  Президент бар деп мақтайды. Мен өзім сабағымды жақсы оқып, 5-ке бітіріп, Н.Назарбаевтың колледжіне түскім келеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін