Елімізде бір тәулікте пеш жабдықтарының ақауы салдарынан 9 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте пеш жабдықтарының ақауы салдарынан 9 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

Елімізде бір тәулікте пеш жабдықтарының ақауы салдарынан 9 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бір тәулікте пеш жабдықтарының ақауы салдарынан 9 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда 22 қаңтарда 8 сағат 53 минутта жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 4 адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, 22 қаңтарда Алматы облысының Ақтөбе ауылында 14 сағат 45 минутта жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 7 адам көмірқышқыл газынан уланып, оқиға орнында жан тапсырды. ТЖМ ақпаратына сәйкес қаза тапқандардың бәрі де Өзбекстан азаматтары.

Сонымен қатар, 22 қаңтарда Қостанай облысының Федоровка ауылында 14 сағат 30 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті