Жарияланды: 260

Елімізде диабетке шалдыққанын білмейтіндер көбейген

Елімізде қант диабетіне шалдыққан науқастар саны жыл санап артып барады. Мәселен 2007 жылы айықпас дертпен ауыратын 140 мың адам тіркелсе, бүгінде олар 270 мыңға жетіп жығылады екен.

Олардың қатарында жас балалар да жетерлік. Яғни бұрын орта жастан асқан азаматтар арасында жиі кездесетін диабеттің екінші түрі енді жастарды да дендеп жатыр. Тіпті әлемде туа бітті диабет ауруына шалдыққан шақалақтар дүниеге келе бастады дейді дәрігерлер. Сондықтан айықпас аурудың алдын алу үшін артық салмақтан арылып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Бұдан бөлек жыл сайын дәрігерге көрініп, қанын тексертіп тұрған абзал дейді мамандар.    

Наталья Тукалевская, Қазақстан Диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры:

-Қант диабетімен ауыратынын білмейтіндер саны қаншама. Себебі диабеттің екінші түріне шалдыққандар жылдар бойы ештеңе сезбей жүре беруі мүмкін. Сондықтан орта жастан асқан азаматтардың жиі тексеріліп тұрғаны жөн.      

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін