Елімізде ең қымбат нан Атырау облысында
Мақатта қазір кәдімгі бөлке нан 90 теңгеден сатылуда. Негізі, бұл аудандағы 30 мың тұрғынды бір емес, төрт наубайхана нанмен қамтамасыз етіп отыр. |
Мақаттағы халықтың бір бөлігі теміржолда жұмыс істейді. Ал, базар-вокзал жағалап күн көріп отырған жұмыссыздар үшін мұның қалтаға соғатыны анық. Жергілікті наубайханашылар бұны доллардың қымбаттауымен байланыстырыпты. Алайда облыс орталығы –Атырау қаласында ас атасының құны қалыпты. 45-50 теңге төңірегінде. Мақат басшылығы енді алдағы уақытта нөмірі бірінші тағамның бағасын аз да болса түсіру мақсатында жаңадан 3 наубайхана ашпақшы.
Хайдар Төлеуішев, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:
-Атыраудан да келеді нандар, сату бағасы 60 теңгеден, Доссор кентінде 3 наубайхана бар. Олардың сату бағасы 50 теңгеден беріп отыр. Енді ана жақта сатып алып отырған дүкендер өздері үстіне қосып сатып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін