Елімізде «мобилдік құлдықтан құтылу» науқаны даумен басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде «мобилдік құлдықтан құтылу» науқаны даумен басталды

Елімізде «мобилдік құлдықтан құтылу» науқаны даумен басталды

Мобильдік тәуелділіктен құтыламын деп тәуекелге барғандар бармағын тістей бастады. Себебі жаңа жылдан іске қосылған жүйе әлі жетілдіруді қажет етеді екен. Атап айтқанда өзге операторларға өткен абоненттер хат алмасып, қаражатын толтырудан қағылған. Алайда Байланыс және ақпараттандыру комитетіндегілер бұл тұрғыда ешкімнен арыз болмағанын айтады.

  • 9 Қаңтар 2016
  • 263
Фото - Caravan.kz

Байланыс операторын ауыстырамын деп басы қатқандардың бірі – Сергей Мурузиди. Алматы тұрғыны алғашқылардың бірі болып өзге операторға өтіпті. Алайда төрт күннен бері телефонның тауқыметін тартып жүр. Басқа байланыс түріне қосылғалы бері хат алмасып, хабарласудан қалған. Себебі ұялы телефонға бірлік толтырып, мобильдік банкинг жүйесін қолдану мүмкін болмай отыр екен. 

Сергей Мурузиди, Алматы қаласының тұрғыны:

Себебі терминалдар мен байланыс операторларының төлем карталарын қабылдамай жатыр. Сондай-ақ, әртүрлі қызмет көрсетушілерден смс хабарлама келмейді. Бір сөзбен айтқанда бұл жүйе әлі шикі.

Алайда байланыс операторлары жаңа жүйенің уақыт өте келе жөнделетінін айтады. Яғни қанатқақты жобаға көптеген компаниялар техникалық тұрғыдан әзір болмай шыққан. Сондықтан бірлі-жарым кемшіліктерге кешіріммен қарауға шақырды.

Даниэль Карпович, Ұялы байланыс компаниясының өкілі:

-Техникалық кемшіліктер болмаса алып бара жатқан ештеңе жоқ. Біз бұл жобаны былтыр іске қосамыз деп ойлағанбыз. Бірақ бір жылға шегерілді. Сондықтан барлық жұмыстар ұзақ уақыт бойы тексерілді.

Бүгінге дейін елімізде 3 мыңдай абонет басқа байланыс операторларына ауысып үлгеріпті. Бірақ әлгіндей жағдай бола тұра, Байланыс және ақпараттандыру комитетіне әлі ешкімнен арыз-шағым түспеген.

Жұлдызай Мұсағұлова, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің бас сарапшысы:

-Техникалық ақаулар қазіргі күнге дейін болған жоқ. Болған жағдайда абонент оператордың сервистік орталығына немесе телефон шалып хабарласуына болады.

Телефон нөмірін өзгертпестен өзге оператордың қызметіне қосылу 5-ші қаңтардан бастап жүзеге асырылып жатыр. Бұл қызмет тегін жүргізіледі. Тек телефоныңыздың нөмірі өз атыңызға тіркелсе болғаны. Сондай-ақ, әр абонент басқа байланыс операторын 60 күн толмай ауыстыра алмайтынын да айта кетейік.