Елімізде қаруын тапсырмағандар жаңа жылдан бастап қылмыстық жазаға тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қаруын тапсырмағандар жаңа  жылдан бастап қылмыстық жазаға тартылады

Елімізде қаруын тапсырмағандар жаңа жылдан бастап қылмыстық жазаға тартылады

Астаналықтар жеке басын қорғауға деп алған қару-жарақтарын полицияға өткізіп жатыр. Биылдыққа елордалықтар төрт мыңға жуық травматикалық қаруын тапсырған. Оны Ішкі Істер департаменті бюджет бөлген ақшаға сатып алуда.

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 172
Фото - Caravan.kz

Полицейлер 2 жарым мың қаруды 160 миллион теңгеге сатып алған. Ал тәртіп сақшылары арнайы пунктке жиналған қару-жарақтардың жарамдылығын тексеріп әлек. Істен шыққандарын қоқысқа тастайды. Науқан аяқталғандықтан, 1-ші қаңтардан бастап травматикалық қаруларды енді Ішкі Істер департаменттері сатып алмайды. Ал уақытында қаруларын өткізбеген тұрғындар қылмыстық жауапқа тартылмақ. Яғни, төрт миллион айыппұл салынып немесе 2  жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.