Елімізде қымбаттаған жұмыртқаның бағасы рекордттық көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қымбаттаған жұмыртқаның бағасы рекордттық көрсеткішке жетті

Елімізде қымбаттаған жұмыртқаның бағасы рекордттық көрсеткішке жетті

Жұмыртқадан жүн қырыққандар! Еліміздегі барлық  құс фабрикаларына қатысты жұмыртқаның бағасын бірден көтеріп жібергені үшін істер қозғалды. Ауыз жаласып, ақыны көтергендерге ірі көлемде айыппұл да салынған. Алайда, құнды жемнің қымбаттауымен түсіндірген кәсіпкерлер антимонополия комитетінің тексерулері құс  өсірушілерді банкротқа отырғызып, мыңдаған адамды жұмыссыз қалдырғалы тұр деп дүрлігіп жатыр.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

-Үкімет қадағалауы тиіс негізгі 11 азық-түліктің қатарына кіретін жұмыртқаның 10 данасы  апта бұрын 300 теңгеден сатылған. Алайда, аяқ-асты көз ілеспес жылдамдықпен өсіп 315 теңгеге жетті. Әлі көтерілуі мүмкін. Бір қызығы, дүкендердегі бағаның шарықтауына антимонополия комитеті мен құс фабрикаларының қожайындары бір-бірін айыптап  отыр. Мұның зардабын қарапайым халық тартуда.

Ал шенеуніктермен кәсіпкерлер өзара қырқысып жатқанда, жұмыртқа қымбат тауарға айналып шыға келді. Енді аш қарынды жұмыртқамен тойдыру да артық шығын. Ең қымбат баға Астанада. Елордада жұғымды астың 10 данасы біртіндеп 400 теңгеге жақындап келеді. Еліміздегі 54 құс фабрикаларының қожайындары болса сүттен ақ, судан таза. Сөздеріне сенсек, құнның шарықтауына үстемені қалағанынша қосатын делдалдар кінәлі.

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының төрағасы:

-Біз өзіміз пайда көріп жатқанымыз жоқ. Арадағы делдалдар яғни дүкендер мен супермаркеттер қосып сатып 100-200 пайыз пайда көріп отыр. Жем арзан болса, жұмыртқада арзан  болады.

Яғни, жемге , шикізатқа, бағаның екі есе көтерілуі, теңгенің құнсыздануы   жұмыртқаның шарықтауына әкеп соқтырған. Бірақ, антимонополия комитеті бұны кәсіпкерлердің үйреншікті қулығына теңеп, сенбей отыр. Халық қыс кезінде жұмыртқаны көп жейді, әрі жаңа жыл қарсаңында құнның аспандауы бекер емес дейді. Сондықтан жаппай тексеру жүргізіп, құс фабрикаларына қатысты қозғалған қылмыстық істі Ішкі Істер органдарына берген. Екі кәсіпорынға 30 миллион теңге айыппұл да салыныпты.

Серік Жұманғарин,  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы:

-Отандық жұмыртқа өндірушілемен қатынасымыз ушығып тұр. Бірақ, олардың бағаны қымбаттатуы дұрыс емес. Оған ешқандай негіз де жоқ. Біз күресті тоқтатпаймыз. Құнды себепсіз көтергендерді жаппай жазалаймыз.

Ал тексерулер Ақмола облысында осы құс фабрикасын әбден діңкелеткен. Миллиондап айыппұл салынатын болса, банкротқа ұшырап, адамдарды жұмыстан қысқартуға мәжбүр болатындарын айтып зар жылап отыр.Бұл жанжалдың соңы жұмыртқа тапшылығына әкеп соқтыруы да мүмкін. Осы кезде, басқа амалы қалмаған жұрт қымбат жұмыртқаны сатып алуға мәжбүр.