Алматыда Байтұрсынов пен Қазыбек би көшелірінің қилысында салынып жатқан 11 қабатты «Бизнес-орталығының» аумағында бесінші қабаттан «Құрман и К» ЖШС 22 жасар жұмысшысы құлап кеткен. Жігіт алған жарақаттар салдарынан оқиға болған жерде көз жұмды.
Тағы бір адам Теміртау қаласында мерт болған. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Горсвет» ЖШС 26 жасар электромонтері трансформаторлық қосылқы станцияда жұмыс істеу барысында тоққа соғылған. Еркек оқиға болған жерде қайтыс болды.
Сонымен қатар, «Қазцинк» АҚ тиесілі Тишинский кенішінде екі адам жарақаттанды. Төтенше оқиға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған. Кеніште болған апат салдарынан екі адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті