Жарияланды: 420

Еліміздің төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz.

Ұйытқи соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Тіпті, күн райы суытып, -1-3 градус үсік жүреді. Ал республиканың батысында ыстық күндер жалғасын тауып, ауа температурасы +25+30 градус ыстық болады. Сондай-ақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда күн жылынады.

Саида Бердібекова, «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Ертең Астанада жауын-шашынсыз, оңтүстік батыстан соққан желдің күші секундына 9-14 метр болады. Түнде +2+4 градус жылы, күндіз +16+18. 30 қыркүйек және 1 қазан күні жауын-шашынсыз, түнгі температура +5+7 градус, күндізгі +18+20 градус.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін