Жарияланды: 290

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде авто жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады. 

Батыс-Қазақстан облысында 17 желтоқсан сағат 20-40 ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) облыс аумағы бойынша барлық а/ж-да жүк автокөліктеріне және қоғамдық көліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысында 17 желтоқсанда сағат 21-00 ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж (205-259 км) жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақтөбе облысында 17 желтоқсан сағат 21-30-дан бастап, ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көктайғақ) «Самара-Шымкент» а/ж (719-526 км) жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін