Жарияланды: 840

Елорда халқының саны 867 мыңнан асты

Елорда халқының саны 867 мыңнан асты

Бүгінгі күнде Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды.

Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 381 470 (44%), «Есіл» ауданы бойынша - 134 472 (15,5%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 351 848 (40,5%) адамды құрады.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 14 908 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1616 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 7644 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 5648 адамға көбейді.

Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.

Астана қаласы бойынша ағымдағы жылы жалпы алғанда 17 129 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,5%-ға артып, 14523 адамды құрады.

Жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға азайды, ажырасулар саны 8,9%-ға өсті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін