Жарияланды: 690

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа монумент тұрғызылады

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа монумент тұрғызылады

Астана қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа монументтің ең үздік жобасына

(«Астана белгісі» архитектуралық және мүсіндік композициясы) ашық республикалық байқау жариялады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау 2015 жылдың 6 қазанынан 6 қарашаға дейін өтеді. Шараға кәсіби архитекторлар, мүсіншілер, суретшілер қатыса алады. Байқауқа қатысушылар тіркелу шарттары және басқа да қажетті мағлұматтарды мына мекенжай бойынша анықтай алады: «Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, 010000 Астана қ., Әуезов к-сі, 6, 310 бөлме. Тел. +7 (7172) 919-426, 8-705-783-73-07.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін