Елордада Сочидегі спортшыларға қолдау көрсететін фан-клуб ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Сочидегі спортшыларға қолдау көрсететін фан-клуб ұйымдастырылды

Елордада Сочидегі спортшыларға қолдау көрсететін фан-клуб ұйымдастырылды

Астанада Сочи Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсететін жаңа фан-клуб ұйымдастырылды.

  • 7 Ақпан 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

Фан-клуб бүгін, 7 ақпанда Astana Mall Multispace коворкингте (3 қабат, «Ажар Astana Mall» СОО, Тәуелсіздік даңғылы, 34) өз жұмысын бастайды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады. 

2014 жылғы 7-23 ақпанда Сочиде XXII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. 

«Біз спортшыларды қолдаймыз!» фан-клубында жанкүйерлер Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалап, тақтаға өздерінің ниет-тілектерін қалдыра алады. Ашылуы сағат 16.00-де өтеді. 

«Біз әрбір қазақстандықтың, үлкен-кішінің бәрінің жанкүйер болғанын қалаймыз, өйткені, біздің спортшылар еліміздің намысын қорғайды!», — деді astana.kz сайтына Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасындағылар.