Жарияланды: 590

Енді балаңыздың қайда екенін «КСЕЛЛ» компаниясының жаңа қызметі арқылы біле аласыз

Енді балаңыздың қайда екенін «КСЕЛЛ» компаниясының жаңа қызметі арқылы біле аласыз

«Кселл» мобильдік операторы ата-аналарға өз балаларының қайда орналасқанын анықтауға мүмкіндік беретін «Где ребенок» («Бала қайда?») атты жаңа қызметін іске қосты.

Қызмет ұялы байланыс желілерінде абоненттің мобильдік телефонының орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін LBS (LocationBasedServices) қызметінің негізінде жұмыс жасайды.

Аталған қызмет ата-аналарға арналған таптырмас көмекші болып табылады, өйткені баланың қауіпсіздігінен маңызды ешнәрсе жоқ. «Где ребенок» қызметі бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс жасайды, ал отбасы мүшесінің қайда тұрғанын шетелде жүріп-ақ қадағалауға да болады.

Бұл қызмет жақын адамдарының қазір нақты қай жерде орналасқанын ғана емес, сонымен бірге, олардың бүкіл қозғалыс тарихын көруге мүмкіндік беріп, олардың орналасқан жеріне қанша метр қалғанына дейін анықтап бере алады.

Қызметті пайдалану үшін смартфонның соңғы үлгісінің иесі болу немесе Интернетке қосылу қажет емес. Бар-жоғы стандартты тіркелу рәсімінен өтіп, жеке кабинетті ашып, балаңыздың орналасқан жерін қадағалау ғана қажет. Мұны жасаудың екі жолы бар, біріншісі – 8786 қысқа нөміріне «ГДЕ» сөзі жазылған SMS хабарламасын жіберіңіз немесе *710*1# сандарын теріп, телефоныңыздағы шақыру түймесін басыңыз; екінші жолы – www.gderebenok.kz сайтында тіркеліңіз.

Осы ретте Kcell және active абоненттерінде *710# пәрмені арқылы «Где ребенок» қызметіне тіркеліп, оны басқаруға, балаларының орналасқан жері туралы ақпарат алуға, оған отбасысының басқа мүшелерін қосуға, жеке кабинетке (немесе қосымшаға) кіруге арналған құпия сөзді сұратуға, қызметтің ішінен алып тастауға, орналасқан жерді анықтауға тыйым салуға/рұқсат беруге, географиялық аймақтарды қосуға мүмкіндігі бар.

Осы қызмет үшін абоненттік төлем айына 700 теңге тұрады, алғашқы 15 күнде қызмет тегін ұсынылады. «Где ребенок» қызметіне қосылу және оның құны туралы толық ақпаратты www.gderebenok.kz сайтынан алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін