"Енді көз жасымды көрсетпеймін. Әлсіз болуға менің құқығым жоқ" - Мөлдір Әуелбекова ешкімге айтпаған сырын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді көз жасымды көрсетпеймін. Әлсіз болуға менің құқығым жоқ" - Мөлдір Әуелбекова ешкімге айтпаған сырын ашты

"Енді көз жасымды көрсетпеймін. Әлсіз болуға менің құқығым жоқ" - Мөлдір Әуелбекова ешкімге айтпаған сырын ашты

Соңғы бір жарым жыл бойы ешқайда сұхбат бермеген танымал әнші Мөлдір Әуелбекова инстаграм желісінде тікелей эфирде Тимур Балымбетовпен сұхбаттасты.

  • 15 Сәуiр 2020
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әуелбекова ханым карантиндегі өмірі, ұлының қызықтары, кейбір отбасыларда болатын зорлық-зомбылыққа көзқарасы және өзіне "енді көз жасымды көрсетпеймін" деген сөзді неге бергені жайлы айтып берді.

— Алматы қаласына қоныс аударғаныңыз рас па?! 

— Иә, Нұр-Сұлтанда екі жыл тұрғын болдым. Мемлекеттік қызметте болдым. Шығармашылығыма қызметімнің кедергісі жоқ әрине. Қазірде сол қызметтемін. Дегенменде Алматы қаласы нағыз шығармашылықпен айналысатын мекен. Сол себепті қоныс аударып келгенімде, қала карантинге жабылып қалды.

— Онлайн концерттен неге бас тартасыз?!
— Шынымды айтсам Қазақ концерт ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан "Online" концертті сенде өткіз деген жандар көп тіпті басшылықта айтып жатыр. Бірақ өзім қорқып жүрмін. Енді менде үйде бала-шаға көп, оның жауапкершілігі бар. Қала карантинге жабылғалы мен үйден бір қадам шыққан жоқпын. Іштей қорқамын. Сахнаны сағынсам да, ән айтуды сағынсамда осы індеттен аман-есен құтылып алайықшы деп тілеп жүрмін.

— Ұлыңыз Салтай қалай?
— Шынымды айтсам осы сұрақ жүрегімді қуанышқа бөлейді. Ұлым жақсы шүкір қасымда. Сағынышын әлі басып жатыр. Енді жырақта болдық. Оның үстіне бала-бақшаға таңертең алып барып, кешке алып кетем болды. Кешке көрісеміз шаршап ұйықтап қалады. Ал қазір күндіз-түні қасымда қуанышында шек жоқ, бақытты. "Мама енді жұмысқа бармайсың ба?, менің қасымда осылай жүресің ба"- деп сұрап қояды.

— Өз концертіңізде неліктен көз жасыңызды ұстай алмай қалдыңыз?!


— 2018 жылы 15 жылдық мерейтой концертімді өткіздім. 15 жылда көптеген оқиғалар орын алды. Өнерде де, өмірде де адам болған соң қиындықтар көрдік. Сахнада сол өмірім көз алдыма елестеді. Және мен 15 жыл бойы халыққа көз жасымды көрсетпегенмін. Ең алғаш рет сіздің бағларламаңызда көз жасымды көрсетіп қалдым еріксіз сосын балам жайлы дайындалған сюжетте және осы шығармашылық кешімде. Сахнада тұрып сезімдерімді жасыра алмадым, түйіні болған шығар сол кездегі көз жасым. Сол кешімнен кейін де мен өзіме уәде бердім, енді көз жасымды көрсетпеймін деп. Есеп бердім өзіме енді менің алдымда ұлым бар. Мен күшті болуым керек дедім. Өмірлік ұстаным қойдым: "Әлсіз болуға менің хақым жоқ" — деген.

Соңғы жаңалықтар