Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 30 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. 
 

  • 29 Тамыз 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте — найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Ал, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болса,  солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады деп күтілуде. 

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.


Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.