Есіл қаласында жүк пойызы мен автокөлік соқтығысып қалды
![]() |
Есіл қаласында жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен. |
«Жол-көлік оқиғасы 20 желтоқсан күні сағат 15:47 минут шамасында Есіл қаласында «Арқалық-Есіл» теміржолының 3 шақырымындағы № 9 өткел жол бекетінде орын алған. Мұнда № 3001 жүк пойызы «Ваз-2106» автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнына ТЖБ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, Есіл аудандық ІІБ 5 қызметкері мен 2 техникасы келіп жетті.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, теміржолға зақым келмегендіктен өзге пойыздардың қозғалысына да кедергі келтірілген жоқ», - деп көрсетілген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін