Есілден артылған суды Аралға бұратын арна салу үшін 324 млрд теңге керек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есілден артылған суды Аралға бұратын арна салу үшін 324 млрд теңге керек

Есілден артылған суды Аралға бұратын арна салу үшін 324 млрд теңге керек

Тасқын кездерінде Есіл өзенінің бассейнінен артылған суды Торғай өзені арқылы Аралға бағыттау үшін жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын үш канал салынуы мүмкін.

  • 10 Ақпан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір арнайы консультативтік орган осы жобаның қаншалықты тиімді болатынын зерттеп жатыр.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында айтылған. 

-«Каспий-Арал бассейнінің экожүйесін қалпына келтіру және су тасқынын басқару жөніндегі халықаралық қоры» корпоративтік қорының тапсырысы бойынша «Есіл өзенінің орта ағысындағы су тасқынын басқару және ағынның бір бөлігін Торғай өзені мен Арал теңізі бассейніне бұру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаға кіретін құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 324,4 млрд теңге болады, — деп жазады Қанат Боызмбаев.

Жоба аясында 3 учаскеден тұратын каналдың құрылысы қарастырылған: 

«Есіл-Торғай» – ұзындығы 42 км; 
«Қарақол-Сарыөзен» – ұзындығы 52 км;
«Шалқартеңіз-Арал» – ұзындығы 183 км.

-Аталған жобаны іске асыру айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет ететінін атап өткен жөн. Жоба Есіл өзені бассейніндегі тасқын суларды Торғай өзені бассейніне бұруды қарастырады. Бұл Шалқар-Теңіз көлінің гидрологиялық режимін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі суды бассейндер арасында қайта бөлу мәселелерін кешенді зерттеп жатыр. Жоба материалдары министрлік жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің қарауына ұсынылады. Ғылыми-техникалық кеңестің ұсыныстары мен қорытындылары негізінде Үкімет жобаны әрі қарай іске асырудың орындылығы туралы шешім қабылдайды, — делінген жауапта.