ESPN: Жұртшылық Головкин мен кіші Чавестің жекпе-жегін көргілері келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ESPN: Жұртшылық Головкин мен кіші Чавестің жекпе-жегін көргілері келеді

ESPN: Жұртшылық Головкин мен кіші Чавестің жекпе-жегін көргілері келеді

Бокстан орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ESPN танымал американдық спорт телеарнасы өткізген дауыс беруде жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 17 Наурыз 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бұл дауыс берудің мақсаты сайтты пайдаланушылардың мексикалық Хулио Сезар кіші Чавестің келесі кездесуін кіммен өткізуі керектігі жөніндегі пікірлерін білу болатын. Оның қорытындысы бойынша бәрінен көп дауыс жинаған Головкин — 47 пайыз. Дауыс беруге 26513 адам қатысқан.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кіші Чавес болуы мүмкін. Американдық спорттық функционер және Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум бұл жекпе-жектің күзде болуы ықтимал екендігін мәлім етті.