Еуроодақ Орта Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастыққа 12 млн евро бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Орта Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастыққа 12 млн евро бөледі

Еуроодақ Орта Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастыққа 12 млн евро бөледі

Бішкек. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Орта Азияның бес мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты жетілдіруге 12 млн евро бөледі. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Йорг Кетелсен мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «бұл сома 2010 жылдың маусым айына дейінгі кезеңге есептелген және аймақтағы мемлекеттер арасында олардың осындай процестерге қатысу белсенділігіне байланысты бөлінетін болады».

«Бюджет бекітіліп қойған, қаржы Еуроодақтың ВОМКА шекараларды басқаруға көмек көрсету жөніндегі бағдарламасының аясында ұсынылатын болады»,- деп нақтылады Й. Кетелсен. Сонымен қатар, сенімді өкілдің ақпараттарына сүйенсек, бұл мемлекеттерге тағы 5 млн евроға жуық қаржы Орта Азиядағы есірткінің таралуының алдын алуды көздейтін КАДАП бағдарлама желісі бойынша бөлінеді.

Екі бағдарлама да аймақта 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «КАДАП бағдарламасы 2008 жылдың аяғында аяқталады, бірақ қазір оны жалғастыру мүмкіндіктері пысықталуда, және де мен оның өз жалғасын табатындығына сенімдімін»,- деді Й. Кетелсен. Й. Кетелсеннің пайымдауынша, оған «осы уақытқа дейін жинақталған қуатты ынтымақтастық әлеуеттілігі, Орта Азия республикаларының арасындағы адамдар мен тауар қозғалысын жақсарту үшін екі бағдарлама аясында қабылданған бірлескен күш-жігер, ондағы есірткі бизнесімен күресті қатайту» итермелейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті