«Еуровидение-2014» конкурсында итальяндық жас әнші жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Еуровидение-2014» конкурсында итальяндық жас әнші жеңімпаз атанды

«Еуровидение-2014» конкурсында итальяндық жас әнші жеңімпаз атанды

 Сенбі күні Мальтада өткен 12-ші балалар музыкалық «Еуровидение» конкурсында итальяндық Винченцо Кантьелло жеңімпаз атанды, Ол телекөрермендер мен кәсіби ұлттық қазылар алқасының 159 баллын жинады, деп хабарлады www.gazeta.ru.

  • 17 Қараша 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

14 жастағы итальяндық музыкант «Сенің алғашқы үлкен махаббатың» атты өз әнін орындады.

Екінші орынға 147 баллмен Болгария триосы ие болды, ал үшінші орынды болгарлықтарға бір балл есе жіберген Армениядан Бетта жеңіп алды.

Биылғы «Еуровидениеге» барлығы 16 мемлекет өкілдері қатысты. Франция мен Ұлыбритания оған қатысқан жоқ. Оның есесіне Еуропаның Беларусьтен Балқан түбегіне дейінгі барлық елдерінің өкілдері болды. Ресейлік үкілеп қосқан Алиса Кожикина бесінші орынды қанағат тұтты. 

Балалар «Еуровидениесі» 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Бірақ та ересектер конкурсына қарағанда әбігерлік жоқ. Ұйымдастырушылар қатысушылардың мазасыздануына жол бермеу үшін конкурсқа қатысушылар санын шектеп отырады (18 елден көп емес), жас музыканттарға экскурсиялар ұйымдастырады.