Футбол: «Ақжайық» құрамында шетелдік жас ойыншылар бағын сынап көруде - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайық» құрамында шетелдік жас ойыншылар бағын сынап көруде

Футбол: «Ақжайық» құрамында шетелдік жас ойыншылар бағын сынап көруде

Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығы» құрамында шетелдік жас ойыншылар бағын сынап көруде.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, Беларусь жастар құрамасының мүшесі, 22 жасар қорғаушы Сергей Кондратьев командамен бірге жаттығуда. 2008 жылы футболдағы өз жолын Минскінің «Динамосында» бастаған ол бір жылдан кейін алаңға шықты. 2010 жылы «Динамо» құрамында алты ойын өткізіп, Еуропа Лигасының іріктеу сындарына да қатысты. 2006 жылдан бері Беларусь елінің жасөспірім, жастар құрамасында доп теуіп келеді.

Қырғызстанның 2010 жылғы үздік ойыншысы, қорғаушы Азамат Байматов та бақ сынауда. Жас ойыншы бұған дейін «Дордой» (Қырғызстан), «Вентспилс» (Рига, Латвия), «Прикарпатье» (Ивано-Франковск, Украина) командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ болгариялық Георги Нетов «Ақжайық» құрамына кіруден үмітті.