Футбол: Месси кезекті рекордын орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Месси кезекті рекордын орнатты

Футбол: Месси кезекті рекордын орнатты

«Барселона» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси кезекті рекордын орнатты.

  • 11 Наурыз 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы команданың ресми сайтына сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады.

Месси бір лига аясында 17 матчта қатарынан гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Испания чемпионатының 27-турында «Депортивомен» кездескен каталониялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал Месси ұлттық біріншіліктегі 27-ші голын соқты. Ізін ала чилийлік шабуылдаушы Алексис Санчес есепті еселеді.

Месси «Рух» клубының футболшысы Теодор Пьютеректің орнатқан рекордын жаңартты. Ол 1937/1938 жылғы маусымда қатарынан 16 матчта гол соғып, 22 рет қарсыластар қақпасының осал жерін тапқан.