Футбол: Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

Футбол: Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды.

  • 2 Мамыр 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Шымкентте «Қыран» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, тек 0:1 есебімен ұтылды. Ал «Тобыл» өз алаңында алматылық ЦСКА клубын ірі есеппен жеңді — 6:2. «Астана» «Востоктың» қақпасына жауапсыз төрт гол салса, «Тараз» «Болаттың» қақпасынан екі мәрте саңылау тапты. «Ертіс» те «Қайсар» қақпасына екі гол соқты.

«Ордабасы» «Каспийді» еш қиындықсыз ұтты — 5:1. «Сұңқар» мен «Ақжайық» арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған. Пенальти бойынша оралдық клуб келесі кезеңге шықты — 5:4.

Кубок аясында ойналмаған бір ойын, 2 маусым күні «Шахтер» мен «Қайрат» арасында өтеді, деп хабарлайды «Аламан».