ФУТБОЛ: Қызылордада Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Қызылордада Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін турнир өтеді

ФУТБОЛ: Қызылордада Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін турнир өтеді

Мамыр айының 22-24 күндері аралығында Қызылорда қаласында футболдан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ футболының мақтанышы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.

  • 20 Мамыр 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш жарыста республикамыздың көптеген өңірлерінен және Қызылорда облысынан 200-ден аса спортшы бақ сынасады. Т.Сегізбаевтың өзі осы турнирге көп жылдан бері қатысып келеді. Ойындар «Локомотив» стадионында, 22-23 мамыр аралығында өтеді. Ал финалдық бәсекелер 24 мамыр күні болады.