Футболдан ел чемпионатының бірінші кезеңінің күнтізбесі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ел чемпионатының бірінші кезеңінің күнтізбесі бекітілді

Футболдан ел чемпионатының бірінші кезеңінің күнтізбесі бекітілді

Бүгін Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің күнтізбесін бекітті.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 413
Фото - Caravan.kz

Премьер-лигада бақ сынайтын Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубының ғаламтордағы сайтындағы хабарламаға қарағанда, олар ел чемпионатындағы алғашқы ойынын 9 наурызда өткізеді. Оның қарсыласы Талдықорғанның «Жетісу» командасы болмақ. Өткен жылғы чемпионатта турнир кестесінде алматылықтар 14 команданың арасынан 26 ойында 29 ұпаймен 10-шы орын алды. Ал талдықорғандықтар 23 ұпаймен 12-ші сатыға тұрақтады.

Жаңа маусымға дайындық кезінде жаңадан тағайындалған словакиялық бас бапкер Владимир Вайсстың жетекшілігімен Түркиядағы алғашқы жиында ел чемпионы атанған Қарағандының «Шахтерін» 2:0 есебімен ұтқан болатын. Ал 17 желтоқсанда Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Қазір олар 8 қаңтардан бері Түркиядағы екінші жиынын өткізіп жатыр. Ал талдықорғандық команданың ғаламтордағы сайтында олардың әзірліктері туралы мағлұмат өте мардымсыз.