ФУТБОЛ:Түркия құрамасы 10 маусымда Алматыға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ:Түркия құрамасы 10 маусымда Алматыға келеді

ФУТБОЛ:Түркия құрамасы 10 маусымда Алматыға келеді

12 маусымда Алматыдағы матчқа қатысатын Түркия құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп жазады Sports.kz.

  • 1 Маусым 2015
  • 434
Фото - Caravan.kz

Түркияның ұлтық құрамасы 4 маусымда Ыстамбұлға жиналады, араға төрт күн салып Болгария құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал 10 маусымда Түркия құрамасы шамамен сағат 17:35-те Алматыға келеді. Келесі күні сағат 19:00-де «Орталық» стадионда матч алдындағы жаттығуларын өткізеді. Ойын аяқталған соң Түркия құрамасы Ыстамбұлға оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Түркия құрамаларының арасындағы Еуропа чемпионатының матчы 12 маусым күні Алматы қаласында өтеді.