Г. Каримованың бақылауындағы бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Каримованың бақылауындағы бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты

Г. Каримованың бақылауындағы бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты

Өзбекстанда президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова бақылайтын бірнеше телеарна хабар таратуды тоқтатты.

  • 23 Қазан 2013
  • 419
Фото - Caravan.kz

TV-Markaz, NTT және SOFTS телеарналары дүйсенбі, 21 қазанда күндіз хабар таратуды дереу тоқтатқан.

 Кейбір мәліметтерге қарағанда, Каримова бақылауда ұстайтын тағы бір телеарна — Forum TV де 21 қазаннан бері елдің кейбір аймақтарында хабар таратпай тұр.

 TV-Markaz телеарнасының өкілі телеарна мен оған еншілес SOFTS-тың жұмысы "техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты" тоқтатылғанын айтты.

Аталған телеарналарда Гүлнара Каримованың бизнесін насихаттайтын көптеген бағдарламалар бар, деп хабарлайды "Азаттық".