"Газпром нефть" РФ Энергетика министрлігімен Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ағымдағы жылдың ІҮ тоқсанында 250 мың тонна мұнай жеткізу жайлы келісті
Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Газпром нефть" ААҚ РФ Энергетика министрлігімен Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ағымдағы жылдың ІҮ тоқсанында 250 мың тонна мұнай жеткізу жайлы келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап. |
"Экспорттық кестелерді жасаушы РФ Энергетика министрлігі Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ағымдағы жылдың ІҮ тоқсанында 250 мың тонна мұнай жеткізу жайлы "Газпром нефть" ААҚ -мен келісті ", -деп хабарлайды РБК.
Экспорт көлемі 250 мың тоннаны құрамақ. Компания өкілінің айтуынша, қазір "компания Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-ға мұнай транзитіне қатысты ешбір проблемаға душар болған жоқ".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін