Жарияланды: 680

«Ғаламшар аруы-2015» титулын жариялау кезінде жүргізуші қателесіп тәжді басқа аруға кигізген

«Ғаламшар аруы-2015» титулын жариялау кезінде жүргізуші қателесіп тәжді басқа аруға кигізген

Филиппин өкілі 26 жастағы Пиа Алонсо Вуртцбах  «Ғаламшар аруы - 2015»  титулының иегері атанды.

Бұл жайында жексенбі кешке америкалық Лас-Вегаста (Невада штаты)  мәресіне жеткен атақты сұлулық байқауы финалының қорытындысы бойынша хабарланды, деп жазады ТАСС.

Нәтижелерді жариялау сәл болмағанда жанжалға ұласа жаздады. Байқау жүргізушісі жеңімпазды жариялағанда, «Ғаламшар аруы» ретінде қателесіп колумбиялық 21 жастағы Ариадна Гуттьересті атаған. Алайда оның басына тәжді кигізгеннен кейін конферансье конвертте берілген есімді қате оқығандығын мәлімдеп, кешірім сұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін