Ғаламтор арқылы әріптесіне тіл тигізген футболшылар үш айға түрмеге қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламтор арқылы әріптесіне тіл тигізген футболшылар үш айға түрмеге қамалды

Ғаламтор арқылы әріптесіне тіл тигізген футболшылар үш айға түрмеге қамалды

Әбу-Даби соты екі футболшыны спортпен айналысатын басқа адамға тіл тигізген бейнені ғаламторға жариялаған үшін үш айға түрмеге қамау жазасына кесті.

  • 19 Қазан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлап отыр.

Бұдан басқа, сот бейнежазба жарияланған сайттың иесіне айыппұл салып, оны роликті жойып тастауға міндеттеді.

Сот бұл бейнеде балағат сөздері бар екенін, сондай-ақ БАӘ-нің этикалық және моральдық құндылықтарына қайшы келетінін қаулы етті.

Спортшылар қыркүйек айында әлеуметтік желілерге әдепсіз қылықтары мен тіл тигізу сөздері бар бейне пайда болған соң ұсталған.