Ғаламторда Алматыдағы трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік апатының видеосы пайда болды
![]() |
Ғаламторда Алматыдағы трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік апатының видеосы пайда болды. |
Еске сала кетейік, 13 қазанда Алматының Алмалы ауданында кешкі сағат сегіздер шамасында ірі апат орын алды. 6-шы бағыттағы трамвай Мақатаев көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай жүріп, Сейфуллин даңғылымен қиылыста 11 көлікпен соқтығысты. Кейін ол әрі қарай қозғалып, Байтұрсынов көшесімен қиылыста тағы үш көлікке соғылды.
Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды.
Еске сала кетейік, трамвайдың қатысуымен болған ірі жол-көлік апаты Алматыда 21 қыркүйекте орын алды. Онда қоғамдық көлік 14 автомобильмен соқтығысқан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін