«Біздің құрылғы адамды ауыстыру үшін емес, керісінше, оның парасатын толықтыру үшін жасалды. Мысалы, оны ғалымдарда көп жинақталып қалған деректерді өңдеу үшін пайдалануға болады», — деді жасанды құрылғыны әзірлеушілердің бірі Макс Кантер.
Мамандардың айтуынша, ғалымдардың бір ай уақыт жұмсайтын ақпаратын осы жүйе арқылы 8-12 сағатта талдап шығуға болады.
Мұндай жүйе алдағы уақытта мамандарға тәжірибе қорытындылары мен экономикалық болжамдардың ең маңызды өзгерістерін таңдауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ ғалымдарды барынша қызықты зерттеу жүргізуге бағыттайды, деп жазады шетелдік БАҚ.