Жарияланды: 180

Ғарышқа 6 миллиард теңгеге ұшып қайтқан Айымбетовтің шығыны бюджеттен төленеді

Қазақтың 3-ші ғарышкері Айымбетовтің космосқа ұшқанына кеткен шығын биылғы бюджеттен төленетін болды. Қазынадан жұмсалатын соманың көлемі де аз емес. 6 миллиард 140 миллион теңге.

Осы 6 миллиард теңгені Ресей тарапы биылдан қалмай алғысы келгендей. Бүгін Мәскеуде осы қыруар қаржыны аударылуы туралы келісімдерге «Қазғарыш» пен «Роскосмос» өкілдері  қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан космосқа қыркүйектің 2-күні ұшып, 10 күннен кейін қайта оралған. Ашық космосқа шықпаса да,бірқатар ғылыми зерттеулер жасады. Кейін Елбасы Айдын Айымбетовке көрсеткен ерлігі үшін «Халық Қаһарманы» атағын берген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін