Жарияланды: 520

Гофротара шығару жөніндегі павлодарлық зауыт қуаттылығын 2,5 есеге арттыру үшін 211 млн теңге инвестициялады

Павлодарлық "Гофротара зауыты" ЖШС гофрокартон шығару жөніндегі екінші линияны іске қосты, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне кәсіпорынның директоры Гүлнәр Қайдарова.

Жаңа линия іске қосылған соң кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 2,5 есеге артты, айына 2 млн шаршы метр гофрокартон шығарылатын болды, деді ол. Жаңа линия Тайваннан сатып алынған, жобаның құны 211 млн теңгені құрады, оның 150 млн теңгесі "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде алынған. Бұл зауыт 2006 жылы құрылған. Компания өнімдерін қазақстандық өндірушілерге жеткізеді, болашақта Орталық Азия, оның ішінде Өзбекстан рыноктарына шығуды жоспарлауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін