Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

Американдық спорттық функционер және  Top Rank  проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум  орта салмақтағы  WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен  мексикалық  Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті.

  • 27 Наурыз 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында  Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында.

Шамасы, Головкин — Чавес  кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес  маңындағы Инглвудте орналасқан  "Форум" (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды  Vesti.kz.