Жарияланды: 1300

“Гүлсім сен әнмен сурет салатын суретшісің” Жұлдызды жекпе-жек жобасының жеңімпазы анықталды

“Гүлсім сен әнмен сурет салатын суретшісің” Жұлдызды жекпе-жек жобасының жеңімпазы анықталды

Жыл сайын Хабар арнасында көрсетілетін "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының төртінші маусымы аяқталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Көрерменге ыстық бұл жобаның биылғы маусымы аяқталды. Қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан "Формат" тобының экс.мүшесі, дарынды әнші Гүлсім Мырзабекова жеңімпаз атанды.

Гүлсімнің бағдарлама бойы айтқан кез-келген әні халыққа ұнап, өз тілектерін айтып көпшілігі жеңгенін қалап келді. 

Жоба модераторы Мейрамбек Бесбаевтың жоба барысында Гүлсім Мырзабекова ән орындағанда көзіне жас алған кездері болды.

Тоқтар Серіков: "Гүлсім сен әнмен сурет салатын суретшісің. Біздің елімізге сен сияқты талантты қыздар керек. Сені әлем танитын болады бұйыртса. Қазақтың атын шығаратын сендей аруларымыз көп болсын" - деген тілек айтты. 

Финалдық кезеңде Гүлсімнің орындаған соңғы "Қазағым-ай" әні қазылар алқасында, көрерменді де, тыңдарманды да тәнті етті.

Қазылар алқасы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, Тұрсынғазы Рахымовтың әніне жазылған бұл керемет туындыны Гүлсімнің репертуарынан көргісі келетіндіктерін айтты.

Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша бұл жобаның жеңімпазы атануға техника жағынан да, вокал жағынан да, дауыс жағынан да Гүлсім Мырзабекова лайықты болды.

Ал желідегі оқырмандар: 

"Жарайсың, Гүлсім лайықты жеңіс", "Сенің жеңгеніңді отбасымызбен күткен едік", "Қазағым-ай әнін тез арада жазып шығарыңызшы", "Сіз әлемді бағындырасыз", "Қазақ деп соққан жүрегіңізден айналдым, әнді көкесін танытып тұрып орындайды екенсіз", "Сізбен мақтанамыз" - сынды пікірлер жазуда.

https://youtu.be/9SC8vwQH_VA 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін