Жарияланды: 530

Гватемала тұрғындары қала мэрін тірідей өртеп жіберді

Гватемала тұрғындары қала мэрін тірідей өртеп жіберді

Гватемаланың батысында жергілікті тұрғындар Консепсьон қаласының мэрін тірідей өртеп жіберді, деп жазады 24.kz. 

Наразы топ марқұмның үстіне жанармай құярдан бұрын оны үйінен алып шығып әбден текпінің астына алған. Бұған дейін қала мэрін сайлау кезінде саяси қарсыласы оны «жемқорлық жасады, бюджет қаржысын желге шашты және лауазымын асыра пайдаланды» деп айыптаған болатын. Осы атышулы мәлімдемеден кейін өткен аптада қылмыскерлер айыптаушы саясаткерге көлік ішінен оқ жаудырып, қызы мен туыс бауырын өлтіріпті. Содан саясаткердің өзі мен жанұясының тағы 4 мүшесі жараланған.

Айта кетейік, 15 миллион халқы бар Гватемала әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірі. Жыл басынан мамыр айына дейін бұл елде 2500-ге жуық адам ажал құшқан. 15 миллион халқы бар Гватемалада күніне 15 адам өледі. Карлос Балан, қала басшылығына үміткер саясаткердің ағасы: - Бізге мэрдің тарапынан қоқан-лоқы көрсеткен ескертулер болды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін