Іле Алатауы паркінде қанды қырғын жасағандардың жұбайлары жауапқа алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле Алатауы паркінде қанды қырғын жасағандардың жұбайлары жауапқа алынды

Іле Алатауы паркінде қанды қырғын жасағандардың жұбайлары жауапқа алынды

Бүгін Іле Алатауы ұлттық паркінде қанды қырғын жасаған лаңкестердің жұбайлары жауапқа алынды. Тыңдалымға олар куәгер ретінде шақыртылған. Бірақ істің құпиялығына байланысты процесс қайта жабық есік жағдайына көшті.

  • 19 Қазан 2013
  • 375
Фото - Caravan.kz

Жалпы бұл істе 35-ке жуық куәгерден жауап алынбақ. Соның көпшілігі басты айыпталушы Саян Хайровтың таныстары, жақын туыстары және сыбайластарының әйелдері. Яғни арнайы операция кезінде көздері жойылған ланкестерге қатысы бар азаматтар. Мәселен, бет-жүздерін көрсетуді құп көрмеген мына 3 келіншек былтыр табиғи қорықта жасырынғандардың бір тобы. Бірақ ерлерінен бөлек шатырда тұрғандықтан, «тау ішіндегі қырғынды көрмедік» дейді. Естеріңізге салсақ, былтыр Іле Алатауы ұлттық паркінде 12 адам өтірілген қанды оқиға тіркелген еді. Қазір осы істе басты күдікті ретінде 38 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайров жауап беруде. Ал оның сыбайласы Зәуірбек Ботабаев әлі халықаралық іздеу жүр.


Дәурен Әбішев, мемлекеттік айыптаушы:

— Куәгерлер мына қайтыс болған тұлғалардың азаматтық некедегі әйелдері. Қазір осындай екі әйелден жауап алдық. Әлі олар көп.