Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр

Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр

Іле-Балқаш резерватында қамыс өрт шықты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталыТөтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

  • 25 Маусым 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

«Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 га болды, оның ішінде сөндірілгені – 6 050 гектар.

ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштері қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жырту жұмыстарына кірісті.

Елді мекендерге қауіп жоқ.


Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с», — делінген хабарламада.