ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов финалға шықты

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов финалға шықты

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстарының жартылай финалдық кезеңінің кешкі сессиясы  басталды.

  • 2 Қазан 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг) Seonhak Gymnasium аренасының  шаршы алаңында қырғызстандық  боксшы Тұрат Осмоновпен кездескен болатын.

Отандасымыз қарсыласын  бет қаратпай 3: 0 (3:0 (30:27, 30:27, 30:27)  есебімен жеңіп,  финалға шықты,  деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан.

Біржан Жақыпов ертең — 3 қазан күні ақтық сында Джонгун Шин (Южная Корея) — Марк Баррига (Филиппины)  жұбының жеңімпазымен кездеседі.