Жарияланды: 600

Инновациялық Еуразиялық университеттің студенттері қос дипломнан алды

Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетінде қос диплом бағдарламасы бойынша білім алған жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің бітіруші түлектерін шығарып салу рәсімі өтті,

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен. Павлодарлық университеттің түлектері ресейлік оқу орнында мемлекеттік емтиханды «үздік» бағаға тапсырды және экономиканың нақты мәселелеріне, басқару және педагогика тақырыптарына арналған магистрлік диссертацияларын жақсы қорғап шықты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінде екінші жоғары білім бойынша 50 мамандық, магистратура бойынша 23 мамандық және PhD докторантура бойынша - екі мамандық дайындайды. Қос диплом бағдарламасы Павлодар Инновациялық Еуразиялық университеті мен Түмен Мемлекеттік мұнай-газ университетінде қатар оқуға мүмкіндік береді. Бітіруші екі бірдей диплом - қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының дипломын алып шығады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін