Инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастау туралы шешім бір апта ішінде қабылданбақ - үкімет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастау туралы шешім бір апта ішінде қабылданбақ - үкімет

Инвестициялық жобаларды қаржыландыра бастау туралы шешім бір апта ішінде қабылданбақ - үкімет

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бастау туралы нақты шешім бір апта ішінде қабылданады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 574
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік комиссия қайта қаржыландыруға жататын инвестициялық жобалардың тізімін жасады. Аталмыш жобаларды қаржыландыруды бастау жөніндегі соңғы шешімді Мемлекеттік комиссия бір апта ішінде қабылдайды деп күтілуде», — деп көрсетілген сәрсенбі күні ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтың төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысының қорытындысы бойынша таратылған үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «Қазақстанның даму банкі» АҚ Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматыда 12 инвестициялық инфрақұрылым жобаларын қайта қаржыландырады. Қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 250 млн АҚШ долларын құрамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті