Жарияланды: 460

Иорданиялықтар Әл-Ақса мешітін қорғау үшін көшеге шықты

Иорданиялықтар Әл-Ақса мешітін қорғау үшін көшеге шықты

Мұсылмандардың үшінші қасиетті мекені саналатын Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне қатысты израилдік арандатуға қарсы наразылық ретінде

Амман және барша Иордания Хашимит Корольдігі бойынша басқа да қалаларда мыңдаған иорданиялықтар көшеге шықты. 15 қыркүйектен бастап өтіп жатқан демонстрацияны Иордания «Ислам іс-қимыл майданы» (ИІМ) ұйымдастырды.

Марш барысында Амман орталығында ызалы демонстранттар әл-Харам әл-Кудс аш-Шариф мешітін қолдайтын ұрандар көтерді, араб елдерін исламның үшінші қасиетті мекені - Әл-Ақса мешітін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырды.

ИІМ өкілі Мурад Адейлах демонстрацияны «Әл-Ақса» мешітіне израилдік агрессияға қарсы «Ызалы күн» деп сипаттады. «Барша Корольдіктен иорданялықтар бүгін Әл-Ақса» мешітін қолдау үшін көшеге шықты. Олар Иордания үкіметін Израильмен дипломатиялық қатынастарды үзіп, саяси және экономикалық ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін